Спорт3 мамыр 2024, 13:41

Париж-2024: Қазақстан қоржынына 50-ші жолдама түсті

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. Бұл ел қоржынына түскен 50-ші жолдама, - деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Осылайша Эльжана Таниева Азия чемпионатының алтын медалімен бірге, Олимпиада ойындарының жолдамасын да жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.

 

Париж-2024 жолдама Эльжана Таниева көркем гимнастика

Тақырыпқа жаңалықтар