Парижде 10 мың жанкүйер Демеу Жадыраевқа қошемет көрсетті
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК
Turar Qazanğapov
Спорт9 тамыз 2024, 5:05

Парижде 10 мың жанкүйер Демеу Жадыраевқа қошемет көрсетті

Парижде жазғы Олимп ойындарының аясында атлеттерге құрмет көрсету кеші өтті. Оған әр құрамадан жеңіске жеткен жүлдегерлер іріктеп алынды. Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті таратқан мәліметке сенсек, біздің командадан бұл салтанатты шараға 77 келіде грек-рим күресінен күміс медаль иегері Демеу Жадыраев қатысқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Сәлем, Париж! Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев чемпиондар саябағындағы атлеттерді құрметтеу кешіне қатысты. Францияда біздің спортшымызды 10 мыңнан аса адам күтіп алып, қошемет көрсетті!» дейді комитеттен., - деп жазады Kazinform агенттігі.

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Демеу Жадыраев финалда жапониялық Нао Кусакадан 5:2 есебімен ұтылып, Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін қанағат тұтты.

.Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко жарыстан кейін Демеу Жадыраевтың финалдағы белдесуі жайында пікір білдірді.

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Оның айтуынша, Жадыраевқа аздаған ептілік жетпей қалған.

Демеудің өзі де еліне алтын сыйлағысы келгенін, алайда соңғы сәтте жауапкершілік жүгі ауырлап, жеңісті уысынан шығарып алғанын айтып ағынан жарылған болатын.  

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

 

Демеу Жадыраев қошемет Париж 10 мың жанкүйер

Тақырыпқа жаңалықтар