Демеу Жадыраев

Демеу Жадыраев - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Демеу Жадыраев】 жаңалықтар Arbat media
11 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Демеу Жадыраев Жетісу облысының Құрметті азаматы» атанып, баспаналы болды

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ Олимпиаданың күміс жүлдегері, палуан Демеу Жадыраевты қабылдап, «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады. 

10 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

Париж Олимпиадасына қатысқан ұлттық құрама спортшыларының тағы бір легі елге оралды. Олардың арасында ел қоржынын күміс медальмен толықтырған Демеу Жадыраев та бар. Демеу Жадыраевты Алматы әуежайында Алматы облысы әкімдігі, жақындары мен жанкүйерлері, журналистер, Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының өкілдері сән-салтанатпен қарсы алды. 

9 тамыз 2024 / Sport

Парижде 10 мың жанкүйер Демеу Жадыраевқа қошемет көрсетті

Парижде жазғы Олимп ойындарының аясында атлеттерге құрмет көрсету кеші өтті. Оған әр құрамадан жеңіске жеткен жүлдегерлер іріктеп алынды. Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті таратқан мәліметке сенсек, біздің командадан бұл салтанатты шараға 77 келіде грек-рим күресінен күміс медаль иегері Демеу Жадыраев қатысқан. 

8 тамыз 2024 / Sport

Демеу Жадыраев — Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалында белдескен Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакадан жеңілді. Отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласына 5:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.  Ал Нао Кусака Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. 

6 тамыз 2024 / Sport

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Олимпиада ойындарының ширек финалында белдескен Демеу Жадыраев қарсыласынан айласын асырып, жартылай финалға шықты. Отандасымыз ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовпен белдесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.