Қазақ күресінен «Бала Мұқан» республикалық турнирі өтті
Астана қаласында жасөспірімдер арасында тұңғыш рет қазақ күресінен «Бала Мұқан» республикалық турнирі өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады
Аталған біріншілікте жалпы командалық есепте Қостанай облысынан келген бүлдіршін балуандар топ жарды. Екінші орынды Алматы облысының жеткіншектері жеңіп алса, үздік үшінші орынды Астана қаласының жас балуандары қанжығасына байлады.
Жалпы жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 800-ге жуық балуандар қатысты.
«Қара күш қана емес, ұлттық рухтың да сыналатын алаңында айқасқан балалар ертеңгі күні елдің намысы, ұлттың ұйытқысына айналуы әбден мүмкін. Елімізде балалар арасында ән, би, жыр байқауы көп қой, бірақ ұлттық спорттан өтіп отырған бірегей «БАЛА МҰҚАН» турнирі өзінің жемісін қазірдің өзінде беріп жатыр. Бұл жарыстың мақсаты білегі ғана күшті баланы емес, білімі, ақылы, парасаты, намысы мықты ұлдарды қалыптастыру!», - дейді жарысты ұйымдаструшылар.