Сегодня, 10:00
/ Sport
2025 жылы Қытайда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтуі мүмкін
Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов Астанаға іссапармен келген Қытай Халық Республикасы делегациясының өкілдерімен кездесті. Қытайдың Хунань провинциясындағы Чанша қаласы үкіметінің өкілі Ли Ди бүгінгі таңда екі елдің арасындағы сауда, инвестиция саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары жетерлік екенін, ал соңғы жылдары спорт саласындағы байланысты нығайту бағытында, оның ішінде екі елдің ұлттық күресін дамыту жолында бірлесе жұмыс істеуге деген қызығушылықтың арта түскенін атап өтті. Шетелдік қонақ Қазақстан мен Қытай арасындағы көп жылғы достық қарым-қатынасты нығайту үшін 2025 жылы Қытай елінде қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатын өткізу туралы ұсынысын жеткізді.