Спорт17 желтоқсан 2023, 10:00

Қазақ күресінен республикалық турнир өтеді

Астанада қазақ күресінен өтетін республикалық бәсеке «Дала қырандары» деп аталады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Спорт қоры жария етті.

Жарыстың өтетін күні — 17 желтоқсан.

Өтетін орны — Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы.

Ойын барысын тамашалауға тегін кіруге болады.

«Турнирде жыл бойы рейтингтік жарыстарда 8 салмақта жоғары ұпай жинаған 64 балуан сынға түседі. Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды Әлем және Азия чемпионаттарының, Әлем кубогінің, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері бар».

Қазақ күресі Астана турнир Дала қырандары

Тақырыпқа жаңалықтар