Қазақстандық каратэшілер Мәскеудегі турнирде жеңімпаз атанды
Мәскеуде WKF каратэден өткен Moscow Karate Universe-2024 халықаралық жарысында Қазақстан ұлттық құрамасы табысты өнер көрсетті. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш турнирге барлығы 31 елден 329 спортшы қатысып, бақ сынады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сайыс қорытындысында өз салмақ дәрежелерінде қазақстандықтар Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг), Софья Берульцева (+68 кг) және Никита Тарнакин (-84 кг) жеңімпаз атанды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Гүлмира Үсенова (-55 кг), Лаура Сағынбек (-68 кг) күміс жүлдеге ілікті.
Ал Диас Анарбеков (+84 кг), Жоламан Биғабыл (-60 кг), Данияр Юлдашев (-84 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: