Қазақстандық Нора Джеруто Олимпиада финалына шықты
Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды. Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші — 9:16.46 секунд. Бұл — Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.
Өкінішке қарай, осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джемпекей финалдан сырт қалды.
Ол өз тобында мәре сызығын оныншы болып кесті.
Джемпекейдің уақыт көрсеткіші – 9:24.69.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: