Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың финалына шықты
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-Эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің финалына шықты. Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген Г.Ломакин мен ресейлік Илья Симакин финалға барар жолда үш кездесуін сәтті өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалда доданың 2-ракеткалары, америкалықтар Трэй Хильдебранд – Ноа Шахтерден өте тартысты матчта басым түсті - 7:6 (7:3), 6:7 (8:10), 10:7.
Г.Ломакин – И.Симакин соңғы бәсекеде турнирдің 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Бен Джонс – швейцариялық Якуб Паульмен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: