Қудалауға ұшыраған Иман Хелиф бокстан Олимпиада алтынын жеңіп алды
MOHD RASFAN/AFP/Getty Images
MOHD RASFAN/AFP
Спорт10 тамыз 2024, 14:16

Қудалауға ұшыраған Иман Хелиф бокстан Олимпиада алтынын жеңіп алды

Қудалауға ұшыраған Иман Хелиф бокстан Олимпиада алтынын жеңіп алды. Әйелдер арасындағы бокс турнирінде Алжир өкілі Иман Хелиф жеңіске жетті. Жартылай орта салмақта (66 келіге дейін) финалда Хелиф қытайлық спортшы Лиу Янды бірауыздан (5:0) ұтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Иман Хелиф - Париж Олимпиадасындағы ең танымал және сонымен бірге қудалауға ұшыраған спортшылардың бірі.

2023 жылы ол тестостерон деңгейінің жоғарылауына байланысты бокстан әлем чемпионатынан шеттетілді, бірақ Дүниежүзілік бокс федерацияларының қауымдастығы спортшыға қандай сынақ жүргізілгенін ешқашан хабарлаған жоқ.

Олимпиада кезінде Хелиф транссексуал деп күдіктеніп, көп қорлық көрді.

Иман Хелиф Алтын Олимпиада қудалау

Тақырыпқа жаңалықтар