Құламбаева ITF W35 турнирінің ширек финалына өтті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Құламбаева аталған турнирдің екінші айналымында испаниялық теннисші Виктория Гоместен екі сет қорытындысы бойынша 6:1, 6:3 есебімен басым түсті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
ITF W35 турнирінің бірінші кезеңінде отандасымыз Бразилия елінің өкілі Карлин Мартинешті айқын басымдылықпен жеңген еді.
Енді Жібек ширек финалда германиялық теннисшісі Александра Вечичпен шеберлік байқасады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: