Қытай қазағы аралас жекпе-жекте қарсыласын жеңіп, $140 мың еншіледі
Қытайлық ұлты қазақ ММА шебері Нартай Қызырбайұлы кәсіпқой мансабындағы ең үлкен жекпе-жегінде жеңіске жетті. Қандасымыз Қытайдағы ең танымал JUE CHENG KING атты ережесіз жекпе-жек бәсекесінде өнер көрсетіп, тибет ұлтынан шыққан танымал файтер Зы Уаңмен шеберлік байқасты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бес раундтық жекпе-жек қорытындысында Нартай қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, 1 миллион юань (140 мың доллар) сыйақы иеленді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Нартай Қызырбайұлы Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облысындағы Күнес ауданында дүниеге келген.
23 жастағы файтер кәсіпқой мансабында 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Садриддин Ахмедовтің АҚШ-тағы айқасы нокаутпен аяқталған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: