«Сәлем, Шавкат досым». Ағылшын журналисі Рахмоновқа қазақша тіл қатты
Шавкат Рахмонов UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын қылқындыру әдісімен жеңді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Шавкат жеңісті жекпе-жегінің алдында TNT Sports ағылшын арнасына сұхбат берген еді. Журналист сұхбатты қазақ тілінде бастап, Шавкаттың жүзіне күлкі үйірді, деп жазады Egemen.kz.
Ағылшын журналисі Ник Пит сұхбатты «Сәлем, Шавкат досым.TNT Sports арнасына қош келдіңіз», деп бастады.
Шавкат журналиске жылы жымиып, қазақ тілінде сәлемдескені үшін алғыс айтты. Ол оның бұл әрекеті өзіне жақсы көңіл күй сыйлағанын да жасырмады.
Ал Ник Пит болса осы сөздерді қазақ тілінде айту үшін біршама уақыт жаттыққанын жеткізді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: