СпортБүгін, 16:30

Шавкат Рахмонов рейтингтен шығып қалды

Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығарылды. Бұған дейін ол екінші орында тұрды және чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі еді.

UFC жаңартылған рейтингті жариялады. Шавкат Рахмонов топ-15 тізімінен тыс қалды. Ол бұған дейін екінші позицияда тұрған. Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Иэн Мачадо Гарри үздік үштікті түйіндеп тұрған еді. Ал бірінші орында австралиялық Джек Делла Маддалена иемденген.

Өзгерістер нәтижесінде топ-15-тегі жауынгерлердің басым бөлігі бір сатыға жоғары көтерілді.Тек Джек Делла Маддалена өз орнында қалды.

Сонымен қатар топ-15 спортшылар қатарына танымал файтер Майкл Пейдж енді.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында Рахмонов UFC-дің ең үздік жартылай орта салмақтағы файтерлері арасында екінші орынға көтерілген болатын. Жақында қазақстандық спортшының жарақат алғаны белгілі болды.

Шавкат Рахмонов спорт рейтинг ММА

Тақырыпқа жаңалықтар