Placeholder Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді
Фото: Шавкат Рахмоновтың Іnstagram-парақшасы
Іnstagram
Спорт13 қазан 2024, 10:00

Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтетіні белгілі болды. UFC Шавкат Рахмоновтың келесі кездесуі туралы хабарлады. Былғары қолғап шебері Шавкат Рахмонов 310-шы нөмірлі турнирге 7 желтоқсан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады. Оның қарсыласы орта салмақтағы америкалық спортшы Белал Мухаммад (24-3), - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Sports.kz. жазды. 

Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болғанын еске саламызБұл туралы Sports.kz. жазды.

Айта кетейік, Маддалена биыл 10 наурызда Майамиде (АҚШ, Флорида) өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (22-7) жеңгеннен кейін Рахмоновты жұдырықтасуға шақырған болатын.

 

Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Лас-Вегас

Тақырыпқа жаңалықтар