Спорт19 желтоқсан 2023, 11:15

Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі көрсеткіші белгілі болды

ММА шебері Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді промоутерлік ұйым UFC-дің көшін бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

АҚШ-тың  Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena кешенінде өткен  UFC 296 турнирінде  америкалық  Стивен Томпсонды 2-раундта  қылқындыру әдісімен айқын жеңді.

Осылайша Шавкат Рахмонов айтулы лигадағы 6-айқасын  мерзімінен бұрын аяқтады.

UFC-дің тарихында жартылай орта салмақта қатарынан 6 жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен спортшы  әзірге тек Шавкат қана.

Жерлесіміз келесі жылы чемпиондық белбеу үшін  тартысқа түсетінін мәлімдеді.

Шавкат Рахмонов UFC рейтингі Көрсеткіш

Тақырыпқа жаңалықтар