Спорт5 қаңтар 2026, 16:33

Танымал қазақ футболшысы дүниеден озды

Қазақ футболының ардагері, тәжірибелі ойыншы әрі бапкер Марат Жалғасұлы Есмұратов 65 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша футбол қауымдастығына қайғыра көңіл айтады.

Қазақстан футбол федерациясы қазақ футболының дамуына атсалысқан Марат Жалғасұлының есімін әрқашан ардақтайды. Оның өнегелі өмір жолы халқының жадында мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.

Марат Жалғасұлы – отандық футболдың дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында жеті мәрте алаңға шыққан.

Ол "Мелиоратор", "Машук", "Қайрат", "СКИФ-Ордабасы", "Актюбинец", "Мұнайшы" клубтарында өнер көрсетіп, 2001 жылы "Қайсар" сапында мансабын аяқтаған. Марат Есмұратов Қазақстан Премьер-лигасында 265 матч өткізіп, 6 гол соққан.

футбол Қаза Марқұм Марат Жалғасұлы

Тақырыпқа жаңалықтар