Ормуз бұғазында төрт кемеге шабуыл жасалды: бірі суға батты
13–14 қазанда Ормуз бұғазында бірнеше жүк кемесі мен танкер шабуылға ұшырады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сингапур туымен жүзген GFS Pride контейнерлік кемесіне снаряд тиіп, кеме суға батып кеткен. Ол 2,5 мыңнан астам контейнер тасымалдауға арналған.
Al Saadiyat және GFS Giselle кемелері зақымданғанына қарамастан, қозғалысын жалғастырған. Шабуылдардан зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы кеменің қауіпті бағытпен өтуге әрекеттенгенін мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: