Тоғыз боксшымыз Литвадағы халықаралық турнирдің финалына шықты
Литваның Каунас қадасында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирде бақ сынап жатқан қазақстандық боксшылардың тоғызы финалға шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Олар:54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек57 кг. Асылжан Серікбай60 кг. Алмат Әбдуәли63,5 кг. Жандос Қыдыралиев67 кг. Елнұр Сүйінбай71 кг. Фарух Тохтасунов75 кг. Азамат Бектас80 кг. Тұрсынбай Құлахмет92 кг. Абзал Құттыбеков.
Жалпы аталған турнирге 11 боксшы аттанған болатын. Өкінішке қарай, Даниял Сабит (51 кг) пен Аманат Сабырғали (92+ кг) жартылай финалда жеңіліп, қоланы қанағат тұтты.
21 наурыз күні басталған халықаралық турнир, бүгін, яғни 23 наурыз күні мәресіне жетеді. Оған әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы қатысып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: