WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын атады
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11КО) міндетті қарсылас белгіледі. WBO ұйымының ресми хабарламасына сәйкес, Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын ұлыбританиялық боксшы Хамза Ширазға (21-0,17КО) қарсы қорғауы керек, - деп хабарлайды Arbat.media.
WBO ұйымы міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен. Қос тарапқа жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізу үшін 15 күн берілді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Егер боксшылардың командасы ортақ шешімге келе алмаса, жекпе-жек WBO ережесіне сәйкес бәс саудаға салынады және ең төменгі сома 200 мың доллар көлемінде белгіленген.
Отандасымыз жұма күні Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын сәтті қорғады.
WBO ұйымы жекпе-жекке бір күн қалғанда, Жәнібек-Михайлович айқасында қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді. Алайда, Михайловичтің командасы тек IBF титулы үшін жұдырықтасатынын алға тартып, бокс кешінде WBO титулы сарапқа салынбады.