3 қарашада ауа райы қандай болады?

3 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда шығыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді, көктайғақ болады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астанада жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде −3…−1°C, күндіз +4…+6°C болады. Батыстан секундына 2–7 метр жылдамдықпен жел соғады.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C жылы болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді: түнде +6…+8°C, күндіз +19…+21°C. Солтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жел соғады.

Синоптиктер республика аумағында желдің күшеюін, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуін болжайды. Елдің қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Ауа райы Қар Жаңбыр көктайғақ

Тақырыпқа жаңалықтар