СпортБүгін, 13:35

«Хан-Тәңірі» клубының 19 жастағы футболшысы ауруханаға жетпей көз жұмған

Кеше, 16 қазан күні матч кезінде көз жұмған футболшы ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы марқұм Диас Төлеудің ауруханаға жеткізілген кезде тамыры соқпағанын, артериялық қысымы болмағанын мәлімдеді.

«Көзінің қарашығы үлкейіп кеткен. Медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізді. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Өлімнің нақты себебі әлі белгісіз. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Айта кетейік, кеше Алматының «Хан-Тәңірі» клубының 19 жастағы ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде өзін жайсыз сезініп, көп ұзамай көз жұмды.

спорт футбол Диас Төлеу ойыншы

Тақырыпқа жаңалықтар