Спорт30 мамыр 2024, 10:12

Хоккейден ӘЧ-2025: ҚР құрамасының қарсыластары анықталды

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизиондағы қарсыластары анықталды. Әлем чемпионаты Дания және Швеция мемлекеттерінде өткізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оған барлығы 16 құрама қатысады. Іріктеу кезеңінде құрамалар екі топқа бөлініп сынға түседі.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында ойнайды.

Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Венгрия. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.

Ал А тобында Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия, Франция және Словения шеберлік байқасады.

Бұл ойындар Швецияның Стокгольм қаласында өткізіледі.

Әлем чепионаты плей-офф сатысына әрбір топтан төрт үздік команда шыға алады.

Әрбір топта іріктеу кезеңінде соңғы орынды місе тұтқан құрамалар элиталық дивизионнан түседі.

ӘЧ-2025 Хоккей қарсыластар

Тақырыпқа жаңалықтар