қарсыластар

қарсыластар - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【қарсыластар】 жаңалықтар Arbat media
5 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасының негізгі қарсыласы кімдер

Қазақстан құрамасы БАҚ өкілдеріне арналған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы ашық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшылар физикалық және тактикалық дайындығын көрсетіп, алдағы жарыстан не күтетінін айтып берді. Жаттығу «Арғымақ» ат спорты кешенінде өтті. Бірінші болып құсбегіліктен ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың мүшелері шеберлігін паш етті. Айта кетейік, құсбегілер бүркіт, сұңқар және қаршығаны ырқына көндіріп, жүлдеге таласатын болады. Ережеге сәйкес, әр командада 9 спортшы бар. Әр құсқа үш спортшыдан келеді. Бүркіт бойынша Қазақстан намысын Абай ауданынан Ерзат Байқадамов, астаналық Серікбек Күнтуған және атыраулық Арман Қошқаров қорғайды.