Спорт30 желтоқсан 2023, 18:23

Жәнібек Әлімханұлы: Канелоны 100 пайыз жеңемін

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) даңқты мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті (64-2-2, 39 KO) оп-оңай жеңетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бізде қазір екінші орта салмақтағы әлем чемпионы «Канело» болып тұр. Оны 100 пайыз жеңе аламын. Өйткені мен оның әрбір жекпе-жегін, жаттығуларын білемін. Бақылап отырамын. Қарап жүремін. Оның кемшілігі мен артықшылығын айта аламын. Оның бәрін дәптерге жазып отырамын. Егер онымен қолғап түйістіретін болсам, қандай тактика қолданып, қандай айламен жеңу керектігін білемін. Мен оны бір раундта үш рет құлата аламын. Бұл жай сөз емес. Құдай қаласа, кездесіп жатсақ, іспен дәлелдеуге тырысамыз, – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Қазақ боксшысы соңғы жекпе-жегін биыл 14 қазанда неміс Винченцо Гуальтьеримен өткізіп, атыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ол өзінің WBO титулын қорғап, қарсыласында болған IBF чемпиондық белбеуін иеленді.

Қазір Жәнібектің промоутерлері америкалық даңқты боксшы кіші Крис Юбенкпен жекпе-жек өткізуге тырысып жатыр.

Юбенктің өзі бұл кездесуге қарсы болмағанымен, оның промоутерлері әзірге келіссөзге барар емес.

Жәнібек Әлімханұлы бокс Альварес жеңу

Тақырыпқа жаңалықтар