Спорт3 қаңтар 2024, 9:31

Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар тізіміне енді

Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар тізіміне енді. Бокс туралы жаңалық тарататын CFSportsClub Х (Twitter) аккаунты жаңа жылда назар аударатын боксшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл жайында Sports.kz ресурсы жария етті.   

CFSportsClub нұсқасы бойынша, 2024 жылы спорттағы жолын қадағалап, үміт артуға болатын үздік 5 боксшы: қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) және АҚШ-тың төрт өкілі: Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО), Джерон Эннис (31-0, 28 КО), Флойд Скофилд (16-0, 12 КО) және Брюс Кэррингтон (10-0, 6 КО).

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Қазақстандық боксшы бұған дейін 2024 жылы 160 фунт дивизионында абсолютті әлем чемпионы болуды жоспарлап отырғанын бірнеше рет айтқан болатын.

Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар Тізім

Тақырыпқа жаңалықтар