Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды
Кәсіпқой боксшы, WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен күні белгіленді. No Limit Boxing промоутерлік компаниясы чемпиондық жекпе-жек туралы ресми жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Отандасымыз (15-0, 10 КО) 4 қазан күні жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) Сиднейде күш сынасады, деп жазады Egemen.kz.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: