Спорт21 қазан 2024, 9:34

Зарина Дияс камбэк жасап, Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 224-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалеймен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда белоруссиялық теннисші Заринаға еш мүмкіндік берген жоқ - 6:0. Екіншісінде Зарина Дияс 3:0 есебімен алға шыққанымен, Фалей таразы басын теңестірді. Дегенмен Зарина тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:4. Үшінші, шешуші сетте Фалей алға кетті - 2:0. Бірақ қазақстандық теннисші есепті теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты - 5:3. Сосын өзі доп бергенде, екінші матчболын пайдалана білді - 6:3.Тартысты матч 2 сағат 6 минутқа созылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осылайша, екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған З.Дияс биылғы алғашқы титулына қол жеткізді. Кезінде Зарина әлемдік рейтингіде 31-орынға дейін көтерілген болатын. Қазіргі таңда ол WTA Live рейтингісінде 488-ден бірден 379-сатыға шығып тұр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Түркияда бір күнде екі матч өткізіп, финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Зарина Дияс түркия чемпион турнир
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар