Новости: Зарина Дияс

Зарина Дияс - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Зарина Дияс】 жаңалықтар Arbat media
Зарина Дияс камбэк жасап, Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды
21 қазан 2024 / Sport

Зарина Дияс камбэк жасап, Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 224-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалеймен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда белоруссиялық теннисші Заринаға еш мүмкіндік берген жоқ - 6:0. Екіншісінде Зарина Дияс 3:0 есебімен алға шыққанымен, Фалей таразы басын теңестірді. Дегенмен Зарина тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:4. Үшінші, шешуші сетте Фалей алға кетті - 2:0. Бірақ қазақстандық теннисші есепті теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты - 5:3. Сосын өзі доп бергенде, екінші матчболын пайдалана білді - 6:3.Тартысты матч 2 сағат 6 минутқа созылды. 

Зарина Дияс Түркияда бір күнде екі матч өткізіп, финалға шықты
20 қазан 2024 / Sport

Зарина Дияс Түркияда бір күнде екі матч өткізіп, финалға шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 488-ракеткасы Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің финалына өтті. Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 485-орында тұрған ресейлік Екатерина Маклакованы айқын басымдылықпен ұтты – 6:1, 6:2. Бір сағат 6 минутқа созылған ойын барысында Зарина 6 брейкке қол жеткізді. Маклакова 2 брейктен аса алмады. Бүгін осының алдында З.Дияс ширек финалда түркиялық Дениз Дилекті ойсырата ұтқан еді – 6:0, 6:2.