Жібек Құламбаева Словакиядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Трнава (Словакия) ITF W75 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен грекиялық Сапфо Сакеллариди ширек финалда мажарстандықтар Река-Лука Яни – Адриенн Надьты сынап көрді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бірінші партияда қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде мажарстандықтар есе қайырды – 6:3. Дегенмен супер тай-брейкте жеңіс Құламбаева – Сакелларидидің еншісінде кетті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Жібек Құламбаева – Сапфо Сакеллариди доданың 1-ракеткалары, словениялық Далила Якупович – америкалық Сабрина Сантамариямен финал жолдамасын сарапқа салады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: