Новости: жартылай финал

жартылай финал - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【жартылай финал】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
29 қараша 2024 / Sport

Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Ивана Себестовамен бірге ширек финалда ресейлік Полина Кайбекова – грузиялық Зозия Кардаваны жолдан тайдырды. Қазақстандық-чехиялық дуэт 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. 

arbat media
30 қазан 2024 / Sport

Төрехан Сабырхан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындаТөрехан Сабырхан (67 келі) жартылай финалға өтті. Қазақстандық боксшы ширек финалда өзбекстандық Акбар Ахмадовты жеңді. Енді ол жартылай финалда қытайлық боксшымен қолғап түйістіреді. Төрехан бұдан бұрын черногориялық Милош Роганович пен ауғанстандық Самир Хамдамды тізе бүктірді. 

arbat media
6 тамыз 2024 / Sport

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Олимпиада ойындарының ширек финалында белдескен Демеу Жадыраев қарсыласынан айласын асырып, жартылай финалға шықты. Отандасымыз ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовпен белдесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. 

arbat media
6 тамыз 2024 / Sport

Назым Қызайбай жартылай финалда кіммен жұдырықтасады

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық бұрымды боксшымен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек оңайға соқпайтыны анық. Оның қытайлық қарсыласы Ву Ю Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы атанған тәжірибелі боксшылардың бірі. 

arbat media
7 маусым 2024 / Sport

Ролан Гаррос: Әмір Омарханов жартылай финалға өтті

Қазақстандық Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына өтті. Қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге ширек финалда осы жарыстың 3-ракеткалары, франциялық Томас Форел - румыниялық Лука Предамен сынға түсті.