Спорт5 ақпан 2024, 20:42

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Мумбай (Үндістан) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Қазақстандық теннисші оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 1-ракеткалары, италиялықтар Ангелика Морателли — Камилла Розателломен өткізді.

Қазақстандық-оңтүстіккореялық жұп бірінші партияда тай-брейкте басымдылық танытты — 7:6 (7:4).

Екінші сет жеңілдеу тиді — 6:2.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Құламбаева — Пак 11 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ.

Италиялық дуэтке 1 эйс, 3 брейк (7 брейк-пойнт) жеткіліксіз болды.

Ж.Құламбаева жекелей сында іріктеу сайыстарында осы К.Розателлоға есе жіберген еді — 6:4, 4:6, 3:6.

Жібек Құламбаева — Со Хен Пактың ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

 

Жібек Құламбаева Үндістан ширек финал Теннис
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар