Спорт2 сәуір 2024, 22:52

Жұқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан Гран-при турнирінде алтын алды

Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирінде қазақстандық Жұқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Ж.Шүкірбеков J2 санаты бойынша 90 келіден жоғары салмақта қарсылас шыдатқан жоқ.

Қазақстандық балуан финалда жарыс қожайынын таза ұтты.

Сондай-ақ, әйелдер арасында Зарина Раифова 70 келіден жоғары салмақта J2 санаты бойынша күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстан құрамасы Анталья жарысын 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен қорытындылады

Жұқамырза Шүкірбеков Гран-при Пара дзюдо

Тақырыпқа жаңалықтар