Новости: 1 шілде

1 шілде - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【1 шілде】 жаңалықтар Arbat media
1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы өсті
2 шілде 2024 / Новости Казахстана

1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы өсті

Бір тонна сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы 45 158 теңгені (бұрынғы бағасы — 40 320 теңге) құрады. Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге қарай литріне 5-8 теңгеге дейін шамалы өсті. Астанада және Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында – сұйытылған газ литрі 76 теңгеден 84 теңгеге өсті. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облысы және Шымкент — 64 теңгеден 79 теңгеге, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 54 теңгеден 59 теңгеге қымбаттады. Алматы қаласында, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 81 теңгеден 89 теңгеге өзгерген. 

Грекия алты күндік жұмыс аптасын енгізді:ол кімге тиімді?
28 маусым 2024 / Мир

Грекия алты күндік жұмыс аптасын енгізді:ол кімге тиімді?

Грекияда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап өнеркәсіп, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы және кейбір қызмет көрсету салаларындағы көптеген жұмысшылар жұмыс беруші шешсе, аптасына алты күн жұмыс істеуге міндетті болады. Алтыншы күні оларға күнделікті жалақысының 40 пайызы көлемінде үстемеақы төленеді. Бұл ереже туризм мен қоғамдық тамақтандыру секторына қолданылмайды - мұнда бес күндік жұмыс аптасы 2023 жылы тарихта қалды.