Грекия алты күндік жұмыс аптасын енгізді:ол кімге тиімді?
Грекияда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап өнеркәсіп, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы және кейбір қызмет көрсету салаларындағы көптеген жұмысшылар жұмыс беруші шешсе, аптасына алты күн жұмыс істеуге міндетті болады. Алтыншы күні оларға күнделікті жалақысының 40 пайызы көлемінде үстемеақы төленеді. Бұл ереже туризм мен қоғамдық тамақтандыру секторына қолданылмайды - мұнда бес күндік жұмыс аптасы 2023 жылы тарихта қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Биліктің айтуынша, алты күндік жаңа заң компаниялардағы басқаруды жеңілдетеді, жұмысқа қабылданғандар үшін сынақ мерзімін алты айға дейін қысқартады және артық жұмыс уақытын ашық етеді.
Алты күндік жұмыс аптасы туралы заң күшіне енгенге дейін гректер Еуропадағы ең үлкен жұмысқұмарларға айналды.
Аптасына орта есеппен 41 сағат жұмыс істейтін олар ЕО-ға мүше басқа елдердің азаматтарынан асып түседі, бірақ Еуростаттың мәліметінше, табысы өте төмен.