13 күн

13 күн - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【13 күн】 жаңалықтар Arbat media
9 тамыз 2024 / Sport

Олимпиаданың он үшінші жарыс күнінің нәтижесі қандай

Париж Олимпиадасының он үшінші күні, яғни 8 тамызда қазақстандықтар спорттың 5 түрінен сынға түсті. Қазіргі бессайыс: Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы семсерлесуден іріктеуде Елена Потапенко семсерлесуден кейін 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады. Георгий Борода-Дудочкин алғашқы кезең семсерлесуде 170 ұпай жинады. Қазір ол 35-орында тұр.Байдарка мен каноэде есу: Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова жарысты аяқтады. Ол ширек финалда өз тобында 4-орын алды.Каноэде 500 метрге ескек есуден ерлер арасында А және В тобының финалында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы В тобында мәреге үшінші жетті. Олар жұптық сынды жалпы есепте 11-сатыда аяқтады.Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова іріктеуде өз тобында мәреге бесінші жетті. Оның уақыт көрсеткіші — 48.43 секунд.Еркін күрес: Азамат Дәулетбеков (86 кг) алғашқы белдесуінде америкалық Аарон Маркел Бруксқа жол берді.