Олимпиаданың он үшінші жарыс күнінің нәтижесі қандай
Париж Олимпиадасының он үшінші күні, яғни 8 тамызда қазақстандықтар спорттың 5 түрінен сынға түсті. Қазіргі бессайыс: Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы семсерлесуден іріктеуде Елена Потапенко семсерлесуден кейін 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады. Георгий Борода-Дудочкин алғашқы кезең семсерлесуде 170 ұпай жинады. Қазір ол 35-орында тұр.Байдарка мен каноэде есу: Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова жарысты аяқтады. Ол ширек финалда өз тобында 4-орын алды.Каноэде 500 метрге ескек есуден ерлер арасында А және В тобының финалында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы В тобында мәреге үшінші жетті. Олар жұптық сынды жалпы есепте 11-сатыда аяқтады.Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова іріктеуде өз тобында мәреге бесінші жетті. Оның уақыт көрсеткіші — 48.43 секунд.Еркін күрес: Азамат Дәулетбеков (86 кг) алғашқы белдесуінде америкалық Аарон Маркел Бруксқа жол берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мейрамбек Картбай (57 кг) 1/8 айналымында қырғыз палуаны Бекзат Алмаз уулудан жеңіліп қалды.Құзға өрмелеу: Әмір Маймұратов жартылай финалға жолдама ала алмады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Отандасымыз ширек финалда әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Реза Әлипурға жол берді.
Әмірдің уақыт көрсеткіші — 6.14 секундКөркем гимнастика: Елжана Таниева көркем гимнастикадан іріктеуде өнер көрсетіп, финалдық кезеңге шыға алмады.
Ол төрт жаттығуда 126.600 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады.
Олимпиаданың он үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.
Еліміз медальдар кестесінде 29-орынға жайғасқан.