1 қыркүйек 2024
                                                                /  Sport
                                                                                                                    
                                                        Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирден 13 медаль алды
Ресейдің Чита қаласында бокстан жастар арасындағы Еуразия кубогы турнирі аяқталды. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Бірінші құраммен барған жастар командасы 13 жүлде еншіледі. 67 келіде Төрехан Сабырхан турнир жеңімпазы атанды. 57 келіде Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.