Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирден 13 медаль алды
Ресейдің Чита қаласында бокстан жастар арасындағы Еуразия кубогы турнирі аяқталды. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Бірінші құраммен барған жастар командасы 13 жүлде еншіледі. 67 келіде Төрехан Сабырхан турнир жеңімпазы атанды. 57 келіде Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Ал, 10 спортшы, атап айтар болсақ, 51 келіде Бексұлтан Боранбек, 54 келіде Әділбек Қожахан, 54 келіде Әли Мұрат, 57 келіде Бауыржан Мұратов, 63,5 келіде Асылхан Көшербай, 63,5 келіде Ахмет Үсен, 71 келіде Өнер Сейілхан, 75 келіде Санжарәли Бегалиев, 80 келіде Дамир Синеев, 92 келіде Аслан Елдібайұлы қола жүлдеге қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов тамыз айында ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Қазіргі уақытта жастарды Бағдат Оңғарбеков жаттықтырады.