20 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
16 жастағы қызды секс-құлдыққа тартып, есірткіге тәуелді еткендер тергеліп жатыр
Қызылордада 16 жастағы қызды тәнін сатуға мәжбүрлеп, зорлық-зомбылық көрсеткен 13 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 11-і қамауға алынса, қалған екеуі үйқамақта. Ұсталғандардың ішінде қызбен төсектес болғандар да, сұмдық әрекетке итермелегендер де бар. Өрімдей қызды секс-құлдыққа тартып, есірткіге тәуелді қылғандардың әрқайсы қазір тергеліп жатыр дейді ІІМ.