Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер қамалды
Фото: gov.kz
gov.kz
Қазақстан жаңалықтары16 тамыз 2024, 13:00

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер қамалды

Қызылорда облыстық соты 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікпен кәмелетке толмаған балаларды екі айға қамауға алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Қазақстан Республикасы ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кәмелетке толмаған күдіктілер Қ. А. және М.-ге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеушінің өтінішхаты Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына түсіп, сот қаулыларымен тергеушінің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылып, кәмелетке толмаған күдіктілерге 2 ай мерзімге «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдала отырып, ҚПК-нің 147-бабының 2- бөлігінің 1,5 тармақтары бойынша шектеулер қолданылған», делінген хабарламада.

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілеріне жәбірленушінің өкілінен келіп түскен шағымдарды қарап, күдіктілердің жасаған әрекеттерінің ауырлық дәрежесін, күдіктілерді сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болғанын ескере отырып, шағымды қанағаттандырып, тергеу сотының қаулыларын өзгертіп, күдіктілерге 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарды.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деген ақпарат тараған болатын.

ІІМ аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кәмелетке толмаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеген еді. Тергеу сотымен күдіктілерге қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылған.

 

Қызылорда 16 жастағы қыз жезөкшелік Қамау

Тақырыпқа жаңалықтар