9 шілде 2024
/ Мир
АҚШ Польшаға әскери қажеттілікке $2 млрд қарыз берді
АҚШ Польшаға әскери қажеттілікке $2 млрд қарыз берді. Қарыз НАТО-ның шығыс қанаты деп аталатын бөлігін нығайтуға жұмсалады, деп хабарлады Мемлекеттік департамент. Шенеуніктер Польшаның әскери модернизациялаудың ірі бағдарламасын, соның ішінде америкалық F-35 жойғыш ұшақтарын, Patriot зымыран жүйелерін және Абрамс танктерін сатып алуды қолға алып жатқанын атап өтті.