АҚШ Польшаға әскери қажеттілікке $2 млрд қарыз берді
АҚШ Польшаға әскери қажеттілікке $2 млрд қарыз берді. Қарыз НАТО-ның шығыс қанаты деп аталатын бөлігін нығайтуға жұмсалады, деп хабарлады Мемлекеттік департамент. Шенеуніктер Польшаның әскери модернизациялаудың ірі бағдарламасын, соның ішінде америкалық F-35 жойғыш ұшақтарын, Patriot зымыран жүйелерін және Абрамс танктерін сатып алуды қолға алып жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған қоса, Вашингтон Варшаваның осы несие бойынша пайыз мөлшерлемесін субсидиялайды, бұл «АҚШ-тан қорғаныс тауарлары мен қызметін жедел жеткізуді қолдау арқылы Польшаның қорғаныс модернизациясын жеделдетуге көмектеседі».
Бұл үшін тағы 60 миллион доллар бөлінеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: