27 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Қазақстан жастарының 46 пайызында жоғары білім бар
Жұмыспен қамтылған жастар саны 1,8% өсті. Бұл жайында ұлттық статистика бюросынан хабарланды. 2024 жылғы II тоқсан қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған жастардың саны 3,6 млн адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% өскен. Жастардың 46%-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, 48% — техникалық кәсіптік білімі бар.