Қазақстан жаңалықтары27 қыркүйек 2024, 13:00

Қазақстан жастарының 46 пайызында жоғары білім бар

Жұмыспен қамтылған жастар саны 1,8% өсті. Бұл жайында ұлттық статистика бюросынан хабарланды. 2024 жылғы II тоқсан қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған жастардың саны 3,6 млн адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% өскен. Жастардың 46%-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, 48% — техникалық кәсіптік білімі бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жастардың көбі мына салаларда еңбектенеді: көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу (643 мың адам), білім беру (438 мың адам) және өнеркәсіп (416 мың адам), - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі — 3,2% (2023 жылы ІІ тоқсанда — 3,6% болған).

Жұмыспен қамтылған жастардың жас құрамын қарастыратын болсақ, 2023 жыл қорытындысы бойынша негізгі үлес (50,4%) 29-34 жас тобы аралығындағыларға келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұзартылды.

46 пайыз Жастар Қазақстан жоғары білім
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар