4 қараша 2024
/ Новости Казахстана
Еуропа банкі жаңа трамвайлар сатып алуға 5 млрд теңге бөледі
Еуропа қайта құру және даму банкі Павлодар қаласына трамвайлар сатып алуға 5 млрд теңге қаражат бөлетін болды. Жаңа вагондар автономды жүру мүмкіндігіне ие.Павлодар облысының әкімдігі мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасында трамвай желісін жаңғырту жөніндегі жобаны қолдау туралы келісім-шартқа, сондай-ақ «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ мен ЕҚДБ арасында несиелік келісімге қол қойылды.