Еуропа банкі жаңа трамвайлар сатып алуға 5 млрд теңге бөледі
Фото: Наталья Зинченко/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары4 қараша 2024, 9:00

Еуропа банкі жаңа трамвайлар сатып алуға 5 млрд теңге бөледі

Еуропа қайта құру және даму банкі Павлодар қаласына трамвайлар сатып алуға 5 млрд теңге қаражат бөлетін болды. Жаңа вагондар автономды жүру мүмкіндігіне ие.Павлодар облысының әкімдігі мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасында трамвай желісін жаңғырту жөніндегі жобаны қолдау туралы келісім-шартқа, сондай-ақ «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ мен ЕҚДБ арасында несиелік келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап жергілікті мемлекеттік органдар трамвай желісін жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін пысықтады, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Барлық шартты зерделеп, ЕҚДБ арқылы несие алу туралы шешім қабылданды.

Банк 25 жаңа трамвай сатып алу үшін 5 млрд теңге қаражат бөледі. Вагондарды жеткізушілерге қойылатын міндетті шарт – экология, қауіпсіздік және энергия үнемдеудің үздік салалық стандарттарына сәйкес болуы, сондай-ақ вагондардың 20 км-ге дейін автономды жүру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Бұл жолаушы тасымалының сапасын едәуір арттырып, қозғалыс аралығын қысқартуға мүмкіндік береді.

 

Еуропа банкі жаңа трамвай 5 млрд теңге

Тақырыпқа жаңалықтар