5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары】 жаңалықтар Arbat media
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойындары: Астанадағы этноауылда үш күнде 70 мыңнан астам болды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада 5 этноауыл жұмыс істеп тұр. Этноауылдар «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумақтарында орналасқан. 3 күн ішінде этноауылдарға 70 мыңнан астам елорданың тұрғыны мен қонағы кірген. 

9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Қазақстанның үш садақшысы финалға шықты

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Дәстүрлі садақ ату бойынша Пута нысанасын көздеуде финалға шыққан спортшылар есімі хабарланды. Олардың ішінде үш қазақстандық садақшы бар. Пута нысанасын көздеуге Аустралия, Германия, Әзербайжан, Мажарстан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Йемен, Малайзия, Оңтүстік Корея, Қытай сынды 33 мемлекеттен 180 спортшы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында қазақстандық Жәнібек Құлмырзаев, Қанат Қасымхан, қырғызстандық Исхак Токонов, мажарстандық Ласло Кочка финалға шықты.