24 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылды
Алматы облысында құтқарушылар өзен бойынан әйел адамның мәйітін алып шықты. ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында 20-35 жас аралығындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған. Құтқарушылар сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабарласқан.