Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылды
Алматы облысында құтқарушылар өзен бойынан әйел адамның мәйітін алып шықты. ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында 20-35 жас аралығындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған. Құтқарушылар сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабарласқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - дейді Республикалық жедел-құтқару жасағынан, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: